Қоғам
“Бетінен иіскедім”: Өскеменде қызын туған күнімен құттықтап әке оны қалай “сүйгенін” көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:06
- 1
Өскемен тұрғыны қызын құттықтағанда ернінен сүймегенін айтты.
Қызын туған күнімен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған өскемендік тағы да көпшілік алдына шығып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол қызының ернінен сүймегенін, тек иіскегенін айтты. Видеода қызын қалай иіскегенін көрсетті.
«Әке бақытын сыйлаған, жауапкершілікті сезіндірген тұңғыш бала ата-анаға тәтті болады деп ойлаймын. Ол жерде сүйісу атымен болған жоқ. Көңілім босап, бетінен иіскеп, құшақтап, құттықтап торт бердік. Ал енді әрі қарай әркім көргісі келгенін көрді», – деді ол.



