Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деп айыпталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 маусым, 2024
- 1.1k
Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке алынды. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысы Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.
«Сіздің сауалыңызға зорлау дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Күдіктінің кім екені анықталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Желідегі жазбада оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында түнде Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орталығында болған.