Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өлім қаупі төніп тұр»: бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек көпшіліктен көмек сұрады (ВИДЕО)

«Өлім қаупі төніп тұр»: бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек көпшіліктен көмек сұрады (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Мен өгей шешеме көмектесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын

Бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан қазақстандықтардан көмек сұрады. Айтуынша, өгей анасы қатты сырқаттанып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жариялады. Жәнібек асырап алған бельгиялық әйелдің өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.

"Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Оған тіпті өлім қаупі төніп тұр. Мен өгей шешеме көмектесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Соңғы бірнеше айдағы жағдайлар бізге ауыр тиіп тұр. Бірақ сіздерден тағы да көмек сұрағалы отырмын. Мен бұл дүниеде жалғыз қалғым келмейді. Маған менің отбасым, туған шешем керек. Анашым, менің өтінішімді естимісіз? Мен өмір бойы сізді ойлап, іздеп, бір көрсем деп армандаумен келемін. Құрметті адамдар, маған туған анамды табуға көмектесіңіздерші", - дейді Жәнібек видеода.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар