Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қуан қазақ!»: Димаш Құдайберген қатысқан "Singer" жобасында тағы қазақ әншісі бақ сынайды

«Қуан қазақ!»: Димаш Құдайберген қатысқан "Singer" жобасында тағы қазақ әншісі бақ сынайды
Сурет: yertayn/instagram
Бұл маусымның басты ерекшелігінің бірі – жоба тікелей эфирде өтіп жатыр

Димаш Құдайберген қатысқан "Singer" жобасында енді әнші Рухия Байдүкенова бақ сынайды. Ол көптеген халықаралық ән байқауының жеңімпазы, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы продюсер Ертай Нүсіпжанов желідегі өзінің парақшасында бөлісті.

"Араға 7 жыл уақыт салып “Singer” сахнасына қайта оралдық. Бұл жолы – Рухия. 4 жыл үзілістен кейін тағы да миллиондаған көрерменге жол тартқан аты әлемге әйгілі музыкалық тележоба осы жылдың мамыр айында басталды. Бұл маусымның басты ерекшелігінің бірі – жоба тікелей эфирде өтіп жатыр. Бағалау халықтың дауыс беруі негізінде болады.

Рухия бүгін, Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де 8-кезеңде өнер көрсетеді. “Топ жару” статусымен келген бірінші шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түседі. Бағалаушы барша көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, жеңсе келесі кезеңге өтеді. Ал, жеңілсе біз үшін сайыс осы тұста аяқталады.

Қалай болғанда да бұл үлкен еңбек, артыс-тартыспен келген жеңіс. Жеңіс дейтінім үлкен сахнада тағы бір қазақ күллі әлемге өнер көрсетіп, Қазақтың атын шығарады. Бұдан асқан жеңіс бар ма, сірә!

Қуан қазақ! Қолда қазақ!", – деп жазды ол.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар