Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркияда түнгі клубқа барған: Қызылордада мектеп директорымен соттасқан екі мұғалім сотта жеңіліп қалды

Түркияда түнгі клубқа барған: Қызылордада мектеп директорымен соттасқан екі мұғалім сотта жеңіліп қалды
Сурет: коллаж inbusiness.kz
Екеуі мектеп директорынан 6 миллион теңге өндіруді талап еткен

Қызылордада мектеп директорымен соттасқан ағылшын тілінің мұғалімдері сотта жеңіліп қалды. Олар оқу орнының басшысының үстінен «Қысыммен жұмыстан шығарды» деп арызданған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат  агенттігі.

26 маусымда Қармақшы аудандық соты мұғалімдердің экс-басшыдан моральдық шығын өндіру туралы талабы қанағаттандырылмағанын мәлімдейді Қызылорда облыстық соты. Екі мұғалім Ыстамбұлдағы түнгі клубта трансвеститтер шоуына қатысып, көптің сынына қалған болатын. Осыдан кейін Ақерке Жұмабаева мен Фатима Ысқақова жұмыстан босатылған. Олардың түнгі клубтағы видеосы желіге тарап кеткен еді.

«Жауапкердің әрекетінен талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталмаған. Сондай-ақ олар мектеп басшысы қысым жасағанын, одан жан азабын тартқанын растайтын дәлел ұсына алмаған», – делінген хабарламада.

Олар моральдық шығынды 3 миллион теңге деп бағалаған. Екеуі мектеп директорынан 6 миллион теңге өндіруді талап еткен. Ендігіде мұғалімдер сот шешіміне келіспейтінін, апелляция алқасына шағым жазатынын айтты.

«Сот шешіміне келіспейміз! Себебі Ыстамбұл сапарынан соң жұмыстан мәжбүрлі түрде кетіп қана қоймай, абыройымызға нұқсан келді. Қоғамнан психологиялық қысым көріп, моральдық зардап шектік», – дейді арыз берушілердің бірі Ақерке Жұмабаева.

Олар 2024 жылдың ақпанына дейін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде ағылшын тілінен сабақ берген. )ызылордалық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғандарын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп жұмыстан қуылған еді. Түнгі клубтағы екі мұғалімнің әрекетін көрген ата-аналар шу шығарған еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар