Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қырғызстанда сел жүрген кезде жоғалып кеткен қазақстандық тағы екі баланың денесі табылды

Қырғызстанда сел жүрген кезде жоғалып кеткен қазақстандық тағы екі баланың денесі табылды
kabar.kg
Қазақстандық 4 баланың денесі елге ұшақпен жеткізілетіні айтылды.

Қырғызстанда құтқарушылар Ош облысында сел жүрген кезде жоғалып кеткен тағы екі қазақстандық баланың денесін тапты. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KYN.KZ  хабарлайды.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, су тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы екі баланың – Қазақстан азаматының денесі табылған.

"Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізілуде. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Министрлік өкілдері жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық төрт баланың денесі елге жеткізілетінін хабарлады. Бұған дейін Қырғызстанда нөсер жауын-шашын салдарынан жүрген сел кезінде қаза тапқандар ішінде қазақстандық екі бала бары анықталғанын, тағы екі бала жоғалып кеткенін жазған едік. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар