Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Режиссер Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды

Режиссер Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды
matritca.kz
Теменовтің қазіргі денсаулық жағдайы туралы Серік Абас-Шах айтты.

Белгілі режиссер Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалған. Бұл туралы продюсер Серік Абас-Шах желідегі парақшасында жазды.

"21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына ота жасатып ауруханада жатыр екен). 4 қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым. Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен.

"Мынаны тауып алып оқышы, Секе" деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта). Шәй іштік (шәйді 21 желтоқсанда туған ақкөңіл медбике дайындап әкеп берді)", -деп жазды Серік Абас-Шах.

Талғат Досымғалиұлы Теменов 23 қараша 1954 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай кентінде дүниеге келген.   Театр және кинорежиссері, кинодраматург. Өнертану профессоры. Қазақстанның халық әртісі (1999). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі болып еңбек етті.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар