Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дәрігер бедеу туысы үшін ұрлаған нәресте 33 жасында туған ата-анасымен қауышты

Дәрігер бедеу туысы үшін ұрлаған нәресте 33 жасында туған ата-анасымен қауышты
pravilamag.ru
Ауқатты отбасының 6 айлық нәрестесін дәрігер өлді деп жеткізіп, кедей туысына сыйлаған.

33 жастағы жігіттің қазір әйелі, 9 жасар баласы бар екен. Ол дүниеге келген сәтте 6 айлық болып туған. Дәрігерлер оның анасына бала өлі туды деген.  Чжан бедеу ерлі-зайыптылардың отбасына өткен. Олар өте кедей тұрған. Сол себепті де жігіт 17 жасында мектепті тастап, ата-анасын ақшамен қамтамасыз етуге кіріскен. 2023 жылы оны асырап алған әкесі қайтыс болады. Қарт анасы осы жағдайдан кейін асыранды ұлына бар шындықты ашқан.

Сол сәттен бастап жігіт полицияға хабар беріп туған ата-анасын іздейді. Араға көп уақыт салмастан олар табылып, жігіт қауышады.

Оның биологиялық ата-анасы ауқатты отбасы екен. Әкесі кездескенде-ақ оның есебіне 166 000 АҚШ доллары салынған картаны сыйлады.

Жігіт  жоғары білім алмаса да ата-анасынан берілген қасиет болар, іскер. Ол жас күнінен қара жұмысқа салынса да қазір жеке кәсібі бар екен. Фабриканың қожайыны ешкімге алақан жайып жүрген жоқ. Ертегі сияқты оқиға желісі  бүкіл Қытай халқын қайран қалдырды.

Ең қазығы жігітті өскен отбасы мен туған ата-анасы тұратын провинцияның арасы 400 шақырым жер. Олар бірақ ешқашан бұған дейін кездеспеген. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар