Шаңды дауыл, жаңбыр: 1 шілдеге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 шілде, 2024
- 859
“Қазгидромет” РМК Қазақстан аумағы бойынша 1 шілдеге арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауатынын болжады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, қатты жел тұрады.
Ал батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады.
Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.