Мәдениет
«Өміріме келсе деймін»: Ақбота Нұр өзінен кіші жігітке тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 шілде, 2024
- 1.0k
Ақбота Нұр болашақ жарына қатысты ойымен бөлісті
Әнші Ақбота Нұр оқырманының сұрағына жауап берді. Ол өзінен кіші жас жігітке тұрмысқа шығу жайлы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оған оқырманы «өзіңізден жасы кіші жігітке тұрмысқа шығасыз ба?» деп сұраған.
"Алла біледі ғой, тағдыр ісі деген бар. Жалпы кім болса да ақылы толысқан, өз жауапкершілігін толық білетін, әйел затының әлсіздігін үстемдік көрсететін себеп ретінде емес, гүлдей қоритын бағбан ретінде шын ықыласымен өміріме келсе деймін", - деп жазды әнші.
Келесі мақала