Қыз зорлады: полиция басқармасының экс-бастығының әйелі күйеуінің жазықсыз екенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 шілде, 2024
- 18.6k
Қыз зорлады деп айыпталған полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың әйелі күйеуінің жазықсыз екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Марат Күштібаевтің жары журналист Гүлмира Әбіқайдың "Айтылмай қалмасын" бағдарламасына сұхбат берді.
"Зейнетке шығуына бір жарым ай қалғанда осындай жағдай болды. Оқиға 12 қарашада болды. Таңертең 7:00-де жұмысқа кетті. "Зорланды" деген қыздың үстінен арыз түскен. Ол пәтерде басқа ер адаммен ішкен. Көршілердің мазасын алған. Көршілері полицияға арызданған. Ол қыздың сөмкесінде қару болған. Оны естіген жолдасым "қазір шаруамды бітіріп келген соң, бұл қызды маған кіргізіңдер" дейді. Өйткені қаңтар оқиғасы кезінде көп қару жоғалған. Жолдасым сол қарулардың бірі деп ойлайды",- дейді Ләззат Тукенова.
Полиция басқармасының бұрынғы бастығының әйелі күйеуінің ол қызбен жыныстық қатынасқа түскенін жасырмады.
"Менің күйеуім мен ол қыз екеуі қосылады. Бірақ ол жерде ешқандай зорлау болмайды. Оны жолдасым да мойындап отыр. Ешкім жасырып тұрған жоқ. Бірақ екеуінің келісімімен болған жағдай. Ол 27 жастағы ақыл тоқтатқан қыз. Жолдасым қызмет барысында осындай іске барғаннан кейін оны жұмысынан шығарды, атағынан айырды. Ол бұл ісі үшін жазасын алды. Бірақ 11 жылға сотталатындай қылмыс жасамады",- дейді әйелі.
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры оқушыларды ұрған: желіде видеосы тарады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2024