Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бала табайын десең кеш»: Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан кейінгі әйелдің өмірі туралы сыр шертті

«Бала табайын десең кеш»: Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан кейінгі әйелдің өмірі туралы сыр шертті
Сурет: Ашық дереккөздерден
“Апай, өтіңіз, отырыңыз” деп жастар орын береді

Тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы 40 жасқа қатысты ой қозғап, оқырманымен сыр шертісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Қай жастың болсын, өз ұтымды жағы барын айтып, әйелдерді мойымауға шақырды.

“Баяғыда біреу: “40+ деген өзі бір қызық жас екен. Ойнап-күлейін десең, жас емес сияқтысың, бала табайын десең кеш, немере бағайын десең әлі ерте сияқты. Не істейміз өзі?”, – депті. Бірақ байқайсыз ба, бұл жаста сізді оңайлықпен ешкім алдай алмайды. Төркінге емін-еркін бара аласыз. “Апай, өтіңіз, отырыңыз” деп жастар орын береді. Айта берсең, ұтар тұсымыз көп. Сондықтан қыздар, тек алға! Мойымаймыз!”, – деп жазды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар