Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарсыласын 43 секундта құлатқан қазақтың боксшы қызы WBA титулы үшін шайқаспақ

Қарсыласын 43 секундта құлатқан қазақтың боксшы қызы WBA титулы үшін шайқаспақ
Сурет: Instagram/muzdi
Қарсылас есімі әзірге белгісіз.

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиманның (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Балауса 25 шілде Таиланд астанасы Бангкоктағы бокс кешінде өте жеңіл салмақта WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады. Қарсылас есімі әзірге белгісіз. 

Балауса кейінгі рет 1 шілде Алматыда жұдырықтасып, 43 секундта үндістандық Моника Сингхті нокаутқа түсірген еді. Осы жеңіс арқасында ол BoxRec рейтингінде 115-тен 95-орынға көтерілді

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар