«Қызын лақтыра салды ма?»: заңгер Абай Бегейдің қызының ісі сотқа кеткенін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 шілде, 2024
- 2.4k
Әнші Абай Бегей блогер қызы Гүлеркем Ниязқұловаға тағылған айыпқа қатысты өз ойын білдірді. Алайда, заңгер ендігіде істің сотқа кеткенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Алаяқ.нет” жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әнші Абай Бегейдің қыздары ұйымдастырып жүрген лотереяға қарсы шығып, оның заңсыз екенін жазған болатын.
Stan.kz сайтына осыған қатысты пікір білдірген Абай Бегей қызының ісіне араласпайтынын және заңгерді заң білмейді деп кінәлаған. Ол өзінің суретін қолданғаны үшін құқық қорғаушылармен жүздесіп, мәселені қолға алатынын айтқан.
«Қызық енді басталды. Ағамыз қызын лақтыра салды ма?
Лотереяны жасау үшін салық төлейміз деп құтыла алмайсыздар! Заңсыз лотерея ұйымдастыру бойынша @niyazkulova_erke ісі сотқа кетті.
Мені заң білмейтін заңгер депті. Для сведения үшін айтарым: ол сурет қызыңның ашық кеңістіктегі өз еркімен жариялаған парақшасынан алынды. Қалғанын сотта айтамыз», - деп жауап берді заңгер желідегі парақшасында Абай Бегейге.