Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұры иттің артындай шуылдасып»: Елена Әбдіхалықова жазаға т артылған Тұрсынбек Қабатовқа қолдау көрсетті

«Ұры иттің артындай шуылдасып»: Елена Әбдіхалықова жазаға т артылған Тұрсынбек Қабатовқа қолдау көрсетті
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Құдды бір мемлекетіміздің қас дұшпанын қолға түсіргендей, ең парақор, ең жемқор, халықты 30 жыл сорлатқан сойқандарды қолына кісен салып, қамағандай шат-шадыман

Белгілі сазгер, композитор, журналист Елена Әбдіхалықова бес тәулікке қамалған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді. Ол ұшақта бейәдеп сөз айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Журналист Тұрсынбек Қабатовтың қамалғаны туралы ақпарат таратқан сайттарға ренішін жеткізді.

“Әлем желіні ашып қалсаң, "әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды" деп, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, ұры иттің артындай шуылдасқан сайттар мен оған "жаны кірген" халықты көріп, ойға қалдым. Құдды бір мемлекетіміздің қас дұшпанын қолға түсіргендей, ең парақор, ең жемқор, халықты 30 жыл сорлатқан сойқандарды қолына кісен салып, қамағандай шат-шадыман. Ау, ағайын осы Тұрсынбектің өнеріне неше жылдан бері мәз-мейрам болып, оның концерттеріне билет іздеп шабылып жүрген жоқ па едіңіздер?!... Тұрсынбекті осынша табалайтындай кімнің несібесін жеп еді? Өз өнерімен, адал еңбегімен елдің ықыласына бөленіп жүрген халықтың бір өнерпаз ұлы емес пе? Тіпті, тойларыңыз болса, осы Тұрсынбек пен оның жігіттері келсе екен деп тілеймейтін бе едіңіздер?”, – деп жазды сазгер. 

Айтуынша, әзілкеш тәрбиелі және біреудің ақысын жеген адам емес. Сондықтан сазгер көпшілікті Тұрсынбекті қолдауға шақырды.

“Мен білетін Тұрсынбек көргенсіздіктен ада, тәрбиелі, талантты жігіт. Өнер ортасында жүріп, "Тұрсынбек Қабатов біреудің ақысын жепті, артық кетіпті, кісіге қиянат қылыпты" дегенді естіген емеспін. Қадірлі ағайын! Өз баламызды өзіміз өлтіріспей, қайта араша түсейік! Ең болмаса, тасада отырып тас атпай, тілекші болайық! Талантты тірісінде бағалайық! Кісіні босқа қаралау, сүрінсе табалау меніңше өте ауыр күнә. Өйткені, күндердің күнінде соның орнында өзің болмасына кім кепіл?”, – деп халыққа үндеу жасады Елена Әбдіхалықова. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар