Басты жаңалықтар
Статистика: Елімізде халық саны бес айда 100 мың адамға көбейген
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 шілде, 2024
- 571
Жалпы 7 млн 587 мың 331 азамат ауылда тұрады екен.
Елімізде халық саны бес айдың ішінде 100 мың адамға көбейген. Жаз басындағы статистикада Қазақстанда 20 млн 139 914 адам тұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздің бес өңірінде жұрт тығыз қоныстанған. Бірінші орында Алматы — 2 253 502, Түркістан облысы — 2 149 210, Алматы облысы — 1 543 588, Астана — 1 464 415,Шымкент 1 236 901 тұрғынымен алғашқы бестікті түйіндеп тұр.
Ал Жамбыл және Қарағанды облыстары халық саны млннан асқан өңірлер қатарында.
Ақтөбе өңіріндегі халық саны да миллионға жуықтап қалған.
Жалпы 7 млн 587 мың 331 азамат ауылда тұрады екен.
Келесі мақала