
Бүгін күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі», - делінген хабарламада.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025