Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізеді
Сурет: Ашық дереккөздерден
Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі

Күзде әнші Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жаңалығымен әнші өзінің Instagram парақшасында бөлісті. 

«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшы келеді деп жоспарланған. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар