Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!»: Роза Әлқожа қамаудағы ұлы мен бауырын қатысты пікір білдірді

«Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!»: Роза Әлқожа қамаудағы  ұлы мен бауырын қатысты пікір білдірді
Сурет: Ашық дереккөздерден
Әркім ақылына қарай адымдайды

Әнші Роза Әлқожа інісі Әбдіжаппар мен ұлының ұсталуына қатысты өз ойын білдірді. Оларды ақтап алуға тырысты, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

Өнер иесі желіде "Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!" деген оқырманына жауап берген. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Қыз ұзатудан әдемі көрініс. "Сіздей алтын құрсақты ана болсын" деп ырымдап шақырады ғой. "Ата-ананың ниеті қабыл" деген, шын жүректен ізгі ниетпен ұзатып жатамыз. Пенде өзіне ғана жауап бере алады. Әркім ақылына қарай адымдайды. Бағана біреу жазыпты "балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!" деп. "Жаным, қызым - үйде, қылығы - түзде" дегендей, ешкім сыртта жүргеннің тілеуін тілегеннен басқа ештеңе істей алмайды. Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады. Сосын "мойнымен көтереді". Ал, жақсылықты ниет ету, жамандықты таратпау да тәрбиеден!", - деп жазды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар