Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астана әуежайын су басты

Астана әуежайын су басты
видеодан скрин
Суағардың жырығынан аққан су әуежай ішіне жайылды.

Астанадағы халықаралық әуежайдың төбесінен су өтіп жатыр деп, хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

Оқиға куәгерлерінің видеоматериалынан байқағанымыздай әуежайдың суағар жүйесінің жырығынан шыққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің де төбесінен құйылып жатыр. Видеода қорап толы жүктер малмандай су болғаны көрініп тұр.

Әзірге әуежай басшылығы тарапынан тараған ресми ақпарат жоқ. 

Бүгін Астана қаласында күн бұлтты, найзағай ойнап, оқтын-оқтын нөсер жауын жауып тұр. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар