Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды
- автор kyn.kz
- 8 шілде, 2024
- 454
Жаңа заң бойынша энергетикалық сусынды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынады, деп жазды KYN.KZ тілшіс. Прпезидент қол қойған заң Ақорданың Телеграм арнасында жарияланды.
Бүгін мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң аясында өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын мақұлдады. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2130546-qazaqstanda-21-zhasqa-deiingi-azamattarga-energetikalyq-susyn-satuga-tyiym-salyndy/
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры оқушыларды ұрған: желіде видеосы тарады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2024