Басты жаңалықтар
Бүгін екі қалада ауаның ластануы байқалады
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 шілде, 2024
- 1.1k

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қазгидромет бүгін 9 шілде еліміздің екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанын мәлімдеді деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«2024 жылғы 9 шілдеде Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.