Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Аман болсақ тағы салармыз": Асхат Тарғын өзі тұратын үйін сатқалы жатыр

"Аман болсақ тағы салармыз": Асхат Тарғын өзі тұратын үйін сатқалы жатыр
Сурет: Instagram.com/askhat_targin
Былтыр ғана бітіріп қоныстанғанбыз

Әнші Асхат Тарғын үйін сатуға қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, ұлының оқуға түсуіне байланысты үйін сатуға тура келген.

"Құрметті достар, білесіздер өзім тұрам деп бүкей-шүкейіне дейін мұқият салдыртып едім осы үйді. Былтыр ғана бітіріп қоныстанғанбыз. Енді сатқалы жатырмын. Баламның оқуы қалада болуына байланысты жер үйді сатуға тура келіп тұр. Аман болсақ тағы да салармыз. Үй өте сапалы, тұрған жері де жақсы жаңа Апорт моллдың дәл қасында, қалаға 8-10 минутта жетесің көлікпен", - деп жазған ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар