Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейді су басып жатыр

Семейді су басып жатыр
Сурет: Семей қаласының әкімдігі
Қазіргі таңда 7 мың текше метрден астам су сорылды

Семей қаласын көп жаңбырдың салдарынан су басты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Семейде болған жел кейбір ғимараттардың шатырларын ұшырып әкеткен. Қолайсыз ауа райының салдарынан көптеген қала көшелерінде көлік кептелісі пайда болды.

Салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды. Әкімдік қала көшелеріндегі судың тазартылып жатқанын айтты.

"Қазіргі уақытта суды тазартуға 14 бірлік вакуумдық ассенизатор, 8 бірлік жылжымалы мотопомпа және 8 бірлік цистерналары бар автомашиналар жұмылдырылған. Қазіргі таңда 7 мың текше метрден астам су сорылды. Айта кету керек, коммуналдық қызметтер тек айналма жолдарда ғана емес, сонымен қатар қаланың басқа бөліктерінде де (Қарағайлы ауданы, Шығыс кенті, Қабанбай батыр көшесі, Селевина көшесі, т.б.) су тазалау жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда", - деп жазды қала әкімдігінен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар