20 пайызға өсіру мәселесі пысықталып жатыр
Үкімет отырысында ақылы жолдардың тарифін 20 пайызға көтеру ұсынылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі Ресей, Беларусь, Түркия, Қытай, Польша сияқты елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Осыған байланысты күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды толық өтеу үшін қолданыстағы тарифті 20 пайызға өсіру мәселесі пысықталып жатыр», — деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Сондай-ақ, ол бұл бастама қолдау тапса, жергілікті жүргізушілерге тиісті жеңілдіктер қарастырылатынын атап өтті.
«Негізгі жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік автокөліктерге бағытталады», — деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды
- авторkyn.kz
- 13 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қызылордада 95 жастағы ардагер мүгедектік ала алмай жүр
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




