Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қайрат қатты шаршаған-ау”: Тұрсынбек Қабатов қамауда жатқан әншілер туралы айтты

“Қайрат қатты шаршаған-ау”: Тұрсынбек Қабатов қамауда жатқан әншілер туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қамауға алынған әнші Қайрат Нұртас пен 10 күнге қамалған Әбдіжаппар Әлқожаға қатысты әзіл айтып, халықты тағы да күлдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, концерт, той-томалақтардан шаршаған үшеуі бір кездері демалуды жоспарлаған екен. 

“Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау, 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр", – деді актер. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар