Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қорытындысы шықты”: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас “ішіп алған” дегендерге жауап берді

“Қорытындысы шықты”: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас “ішіп алған” дегендерге жауап берді
Сурет: жеке парақшасынан
Экпертиза жасалып, қорытындысы шықты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова, ұшақтағы оқиғаға ұлының ішімдік ішіп алғаны себеп болды дегендерге жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Продюсер Қайрат үшін уайымдап жүргенін айтып, арасында ешкімге көрсетпей жылап алатынын да жасырмады.

“Қайраттың бар айтып жатқаны: “Мамам жыламасыншы” екен. Басымды тік ұстаймын, жыламаймын десем де, ішім өртене береді. Әлсіз екенмін. Әсіресе ұйықтар алдында, ұйқыдан тұрғаннан кейін бөлмесінің есігін ашып қарап жүрмін. Келіп қалатындай болады да тұрады. Жүрегі қалай шыдап жатыр екен деген ой миымда тұр. Алданайын деп шақырған той-жиындарға барып жүрмін. Тек аянышты көзбен қарамаса екен деп барамын. Тойға да жарқ етіп кіріп келетіндей елестеп кетеді. Мейрамханадан шығып, жылап аламын. Құдайдан күш қуат сұраймын. Абыройын түсірмесін. Тағы бір пәлеге душар етпей, аман-есен оралсыншы”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова өзінің желідегі парақшасында. 

Ол экспертиза қорытындысының шыққанын айтып, ұлына қатысты ішімдік ішкен деп айтылған болжамды жоққа шығарды.

“Экпертиза жасалып, қорытындысы шықты. Ешқандай ішімдік ішпеген. Досы сыртынан келіп, құлақ-шекеден ұрғанда, бұл да атып тұрып, бетінен соққан. Досының көзі көгеріп қалды. Кез келген адам өзін біреу ұрса, жауабын қайтаратын шығар?! Қайрат шыбынды да өлтірмейтін адам. Ол ешкімге өздігінен тиіспейді. Бірақ ұрған адамды талдырады. Талдырмаса да оңдырмайды. Бала кезінен сондай тәрбие бергенбіз. “Таяқ жеп келуші болма” деп үнемі айтып отыратынбыз”, – деді продюсер. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар