Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар арнайы квотамен қалай грантқа түсе алатыны айтылды
- автор kyn.kz
- 11 шілде, 2024
- 1.7k
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның нәтижесі бойынша гранттарды таратқанда көпбалалы отбасының квотасы қалай есептелетінін түсіндірді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Бүгінде кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған квота 5 процентті құрайды. Бұл дегеніміз, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 5 проценті тек осы санатқа беріледі.
"Мысалы, 2024 жылы "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша 13 735 грант бөлініп отыр. Соның ішінде 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған", - дейді орталық мамандары.
Осылайша, педагогикаға бөлінген 687 грант тек көпбалалы отбасыдан шыққан балалар арасында ұпай саны бойынша таратылады.
"Көпбалалы отбасы" квотасымен грант конкурсына қатысу талаптары:
талапкердің 18 жасқа толмауы;
отбасында кәмелетке толмаған төрт бала (ал кәмелет жастан асқандар ЖОО немесе колледждің күндізгі бөлімде оқуы керек).
Ал қосымша сұрақтар болса, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан білуге болады.
Ұқсас жаңалықтар
Су тасқынына дайындық: Шығыс Қазақстанда қар қатты еріп жатыр
- авторkyn.kz
- 24 наурыз, 2026




