Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Тек той емес”: көптен көрінбей кеткен Қайрат Түнтеков күн көрісі туралы айтты

“Тек той емес”: көптен көрінбей кеткен Қайрат Түнтеков күн көрісі туралы айтты
Сурет: видеодан скриншот
Әнші тойға ғана шығып қоймай, басқа да жобалармен айналысады екен

Соңғы жылдары сахнадан көрінбей кеткен Super Star жобасының қатысушысы болған әнші Қайрат Түнтеков қазіргі күнкөрісі жайында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Qazaq Airan ютуб-каналына берген сұхбатында әңгімеледі. 

“Тойға шығып тұрамыз. Бірақ күнде тойдан қолым босамай жатыр деп айтпаймын. Арасында жиі, кейде сирек болып қалады. Бірақ табыс көзі тек той емес. Басқа да жобаларым бар. Шымкентте тойхана көп. Сезон кезінде босамай қалады. Той ұйымдастыратын ивент агенттіктері көп. Сондай агенттікке бет бұрып жатырмын. Сонымен бірге өнер мектебін де ашқым келеді”,- дейді әнші.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар