Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қызым есін білмейді”: Жамбыл облысында анасы оқушы қызын бір топ жігіттің зорлап кеткенін айтты

“Қызым есін білмейді”: Жамбыл облысында анасы оқушы қызын бір топ жігіттің зорлап кеткенін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Әйелдің сөзінше, түн ортасында қызының төсегінде жоқ екенін байқап, шарық ұрып іздейді

Жамбыл облысының тұрғыны Айгүл Қонқашова 14 жастағы қызын жігіттер топтасып зорлағанын мәлімдеді. Сөзінше, сұмдық жағдайдың болғанына екі апта өтсе де, күдіктілердің ешқайсысы қамалмаған. Осылайша іс жылы жабыла ма деп қорқады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Айтуынша 8-сыныптағы қызға айуандық жасағандар естен тандыратын белгісіз зат беріп, онымен жыныстық қатынасқа түскен.

Әйелдің сөзінше, түн ортасында қызының төсегінде жоқ екенін байқап, шарық ұрып іздейді. Бірақ ақыры байланыса алмай, таңды көзбен атырып көшеге шыққан. Сол кезде ауладағы орындықта қызының сүлесоқ жатқанын аңғарған. Қимылсыз қызын құшақтай ауруханаға жеткізеді. Тілсіз қалған оқушыны тексерген мамандар сараптама тағайындайды.  

Айгүл Қонқашева сол түні қызын таныс жігіті үйден шығуға көндірген деп отыр. Кейін көлікте тағы үш жігіт болған дейді. Айтуынша, жас шамалары 17, 18, 20, 25-тегі жігіттер 8-сынып оқушысына ойына келгенін істеп, таң сәріде ес-түссіз күйде есік алдына әкеліп тастаған.

“Қызым есін білмейді. Мас адамның буын буыны істемейді ғой, тура сондай. Ішімдіктен бұрын, синтетикалық есірткінің бары зәр арқылы сараптамадан шықты. Нарколог бәріне анализ өткіздік сол күні. Бұл жерде топтасып зорлау болып тұр ғой”, – деді қыздың анасы Айгүл Қонқашова. 

Қыздың туыстары күдіктілердің бостандықта жүргенін айтады. Ал полиция тек сараптамадан соң ғана шешім қабылдаймыз деп шығарып салған екен.

“Мен сендердің тергеушілеріңе қанағаттанбаймын балалар. Бұл не деген сұмдық?! Кәмелетке толмаған қыз осылай болып жатыр. Өздері алып кетті, зорлады, әкеліп тастады. Енді не қамалмайды дегенімде маған сол Ержан “апа, қамалғанда сізге не пайда” деп айтты”, – деді қыздың апасы Айбаршын Шалова. 

Ал бар өкпесін айтқан жәбірленушінің туыстары прокуратурадан тергеушілердің дөрекілігі, бала құқығын қорғау бойынша комиссияның келмеуі, істің созбаққа салыну себебін сұрады. 

“Сол күні аудандық полиция бөлімімен іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің 122 -бабы, бірінші бөлімімен. Қазір іс бойынша сот сараптамалар тағайындалған. 

Жәбірленуші айтып отырған барлық сұрақтар, уәждері ескерусіз қалмайды. Оған мен прокурор ретінде назарға алатын боламын”, – деді Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаров. 

Созбаққа салынған сараптама қорытындысы шықпай тұрып қанша жігіттің оқушы қызға озбырлық жасағанын білмейміз дейді. Ал қарғадай қыздың анасы бұл істің өгіз аяңға салынуының сыры жыныстық қатынасқа түсті деген жігіттердің санын азайту деп түсінеді. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар