“Доғарыңыздар”: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа қатысты жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 шілде, 2024
- 1.5k
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртас туралы сұраған оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, әкелерінің қамауға алынғаны балаларына ауыр тиген көрінеді.
"Бұдан артық үндемеуге болмады! Ешқашан жеке мәселені инстаграмда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің бар фокусым балаларымда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар намысшыл. Ата-анасы өнер адамдары болғаны үшін олар неге қиындық көруі керек? Заң алдында Қазақстанның барлық азаматы бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар. Балаларға ауыр тиіп жатыр!" - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.