Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Байып, секеңдеп жүр”: Балқия рөлін сомдаған актриса өзінің несие төлейтінін айтты

“Байып, секеңдеп жүр”: Балқия рөлін сомдаған актриса өзінің несие төлейтінін айтты
Сурет: Instagram/nurgul.myngatova
Бір тойда Айсара абысынтайыммен қуып, билеп қалып едік, халқым небір нәрсе жазды ғой

“Келінжан” телехикаясы арқылы танылған Нұргүл Мыңғатова өзін сынағандарға жауап берді. Сондай-ақ “байып кетті” дейтіндерге басында несие бар екенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, актриса жасандылыққа жоқ екен. Қай жерде жүрсе де шынайы болуға тырысатынын ол Instagram парақшасында жазды. 

“Мен өзімді шынайы етіп көрсетемін! Қалай бар, солай?! Тойға барсам, шын көңілмен билеп, көңіл көтеріп қайтамын. Әлеуметтік желіде бөлек, өмірде бөлек көрінбеймін. Мысалы, мына суреттер кинодағы образым, өмірде олай жүрмеймін ғой. Бұл тек – менің жұмысым. Демек өмірде рөлге кіріп, ойнай алмаймын. Бір тойда Айсара абысынтайыммен қуып, билеп қалып едік, халқым небір нәрсе жазды ғой. "Балқия құтырған, байып алып секеңдеп жүр" депті. Жандарым-ау, менің мойнымда да несием бар. Бірақ бір сәтке билеп, көңіл көтергім келеді. Сонда мен тойда актриса болып, ешкіммен араласпай отыруым керек пе?! Табиғатым солай, арам ойым жоқ. Жан-жағымды ойламай демаламын. Бірақ, өкінішке қарай, соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар бар. Өмір – бумеранг. Қатыгез болмайық! Мен сіздерге не жамандық жасап қойдым, а?!”, – деп жазды актриса. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар