Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Өліктің иісі шыққан”: ер адам өлген әйелді зираттан қазып алып зорлаған

“Өліктің иісі шыққан”: ер адам өлген әйелді зираттан қазып алып зорлаған
Сурет: tengrinews.kz
Өлі адамды басы істемейтін ауру адам жасағаны анық, сау адам ондайға бармайды

Құқық қорғаушы Ләззат Ракишева оқырманынан келген кезекті хатты желідегі парақшасында жариялады. Автордың айтуынша, ер адам өлген әйелді зорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Хат иесі өзінің туысы полици қызметкері екенін айтып, содан естіген оқиғаны жазуға бел буыпты.

“Бір еркек зиратқа барып жаңадан өлген әйелді түнде табыттан шығарып , 100 метрдей жерге сүйретіп апарып зорлаған. Содан ол марқұмның денесін зорлаған күйі далаға тастап кеткен. Туыстары келесі күні құран оқуға келсе зираттың ішінде адам жоқ, жан-жақты шулап ит аң алып кеткен шығар деп іздесе әйелдің денесін тауып алады. Туыстары шок болып екі аяғы екі жақта жатқан мәйітті көріп шошып полицияға арыз жазады. Полиция өлі адамды зорлағанын анықтап қылмыскерді іздейді. Өлі адамды басы істемейтін ауру адам жасағаны анық, сау адам ондайға бармайды дейді. Полиция сол зираттың маңайында тұратын психикалық ауытқуы бар 7 адамды тексереді, солай 7-ші адамның үйіне барса, үйден өліктің иісі шыққан. Өлген адамды зорлаған еркек киімдерін жуып іліп қойған, бірақ иісі кетпеген екен. Сол жерде ана еркек істеген ісін мойындайды. Сондай зоофилит, есек зорлайтындар да көбейіп кеткен дейді”,- деп жазады оқырман.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар