Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жылдар бойы алимент төлемей келген ер адам ұлының тірі екенін сотта білді

Жылдар бойы алимент төлемей келген ер адам ұлының тірі екенін сотта білді
beztabaka.by
Сот оны кінәлі деп тауып, тиісті шешім шығарды.

Алиментке қатысты өткен сот отырысында ер адам баласының тірі екенін білмегенін айтты, – деп хабарлайды KYN.KZ сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында мүгедектігі бар ұлына ұзақ уақыт бойы алимент төлемей келген ер адамның ісі бойынша сот отырысы өтті. Сот оны кінәлі деп тауып, тиісті шешім шығарды.

Облыс тұрғыны өзіне қатысты атқару өндірісін бастаған жеке сот орындаушысының шешімін бұзбақ болған. Бірінші сатыдағы сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Содан кейін ол апелляциялық шағым түсірді. Облыстық сот бұл істі азаматтың арызы бойынша қарады.

2008 жылы сот ер адамнан 2007 жылы туған, ауыр науқасқа шалдыққан, тұрақты көмекке мұқтаж ұлын асырау үшін алимент өндіру туралы шешім шығарған. Алайда, осы жылдар бойы баланың әкесі өз міндеттемелерін орындамай, төлемдерден жалтарған.

Екі баланың анасы кіші мүгедек ұлына үнемі қамқорлық қажет болғандықтан жұмысқа шыға алмаған. Оның емделуіне отбасы қаражат жинаған. Әкесі мүгедектігі бар ұлына қаржылай көмектесудің орнына, қарызы бола тұра шетелге кеткен. Алайда, 2024 жылы Қазақстанға туған-туыстарына қонаққа келген ол қарызына байланысты елден шыға алмай қалған.

Ер адам сотқа баланы асырау үшін неліктен ақша бермегенін түсіндіріп, баланы өлді деп ойлағанын айтты. Сот бұл мәлімдемені назарға алды.

Нәтижесінде сот Ресейде тұрақты тіркеусіз және тұрақты жұмыс орны жоқ азаматтың арызын қанағаттандырудан бас тартты. Іс апелляциялық тәртіпте қаралып, бастапқы шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Ер адам Қостанай облысында жұмысқа орналасып, енді жалақысынан алимент міндетті түрде ұсталып отырады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар