«Аяғымның арасынан бірнәрсе кірді»: өз әкесі қызын ұзақ жылдар бойы зорлап келген
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2024
- 5.7k
Бойжеткен өзін туған әкесі ұзақ жылдар бойы зорлап келген. Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракышева жеке парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, әкесі өзін ғана емес, сіңлісін де зорлаған. Полицияға арыз бергенімен, анасы бетін қайтарыпты.
«Менін жасым 23-де, мені әкем 10 жасымда зорлады. Және сіңілімді де зорлады. Ол қыздың жасы 8-де болған, сырттан бәрін көрдім, әкем қалай сіңілімді зорлаған, мен басында жай құшақтап қойды, қалай басталған есімде жоқ, ол кезде обед уақыты болды. Менімен сіңлімді шақырып «түскі уақыт ұйықта» деп айтты. Екеумізді бөлек бөлмее жатқызды. Маған көзіңді жұм ұйықта деп айтты. Аяғымның арасынан бірнәрсе кірді, қатты ауырды. Мені 14 жасыма дейін зорлады. Ал сіңілімді 12-ге дейін. Бір күні сіңілім шыдамай полицияға айтып берді. Сол кезде үйдегілер өтірік айтпа деп ұрысты. Әкем түрмеге отырған жоқ. Мамам «әкең ғой кешірімді бол» деп ұрысып береді. Күйеуіммен тұра алмадым. Жыныстық қатынасқа келгенде қорқамын. Әкем әлі тірі. Мама екеуі әлі тұрып жатыр»,- дейді автор.