Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап өлтірмек болды (ВИДЕО)

Маңғыстауда ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап өлтірмек болды (ВИДЕО)
видеодан стоп кадр
Күйеуі тұрғындардың көзінше әйелді бірнеше жерден пышақтады.

Маңғыстау облысында күйеуі әйелін көшеде бірнеше рет пышақтаған сәттің видеосы желіде тарады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Видеодан жер дүниенің қан болып жатқаны көрініп тұр. Онда әйел қансырап жатыр. Адамдар үймелеп қалған. Ал оның қолына пышақ ұстаған күйеуі жиналғандарға айқайлап жатыр.

Жағдайды видеоға түсірген адам оқиға куәсі болғанын айтады. Қайғылы жағдай Маңғышлақ вокзалындағы "Рахат" дүкенінің қасында болыпты.

Облыстық полиция әйелін пышақтаған ер адамның ұсталғанын айтты. Ол адам өлтіруге оқталғаны үшін айыпталып, уақытша тергеу абақтысына жабылған.

Ал әйелдің жағдайы қалай екені қазірге белгісіз.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар