Қоғам
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған оқушыға қатысты пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2024
- 715
Ол Қазақстан бойынша мұндай жағдай жалғыз екенін атап өтті.
Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары ҰБТ-дан 1 ғана балл алған оқушыға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Наужан Дидарбекова ҰБТ-да осындай нәтиженің тіркелгенін растады. Ол Қазақстан бойынша мұндай жағдай жалғыз екенін атап өтті.
“Біз бұл баланың ол нәтижеге дейін де ҰБТ тапсырып, 90 балдан жоғары нәтиже көрсеткенін хабарлаған едік. Бір ұпай жинаған ҰБТ-да оқушы небәрі бес минут отырып, шығып кеткен. Сәйкесінше осындай нәтиже болды. Бұл туралы оқушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды. Бір ұпай жинаған бір ғана түлек бар, одан басқа мұндай төмен нәтиже жоқ ”, – деді орталық өкілі.