Бұрынғы әйелі мен өз балаларын үйден күшпен қуып шыққан Әйтенов ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2024
- 2.2k
Астанада бұрынғы әйелі мен үш баласын тұрып жатқан үйінен мәжбүрлеп шығарған Әйтенов Марат ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Адвокат Дамир Ишмаметов әлеуметтік желідегі парақшасында Марат Әйтеновтің қамауға алынғанын мәлімдеді. Айтуынша, ендігіде Әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша тергеу соты болады.
«Қылмыстық кодекстің 108-бабы, 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Күдіктінің әрекетінде өзге де қылмыстың белгілері бар. Біз полициядан жаза қолдануын талап етеміз. Сондай-ақ ер адам әйелді ұрып жатқанда оларды ажыратпаған полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Тіпті оның біреуі сот орындаушыларына көмектесіп, баланы жылаған күйі көтеріп сыртқа шығарып тастады. Олар іщкі істі органынан жұмыстан кетеді деп үміттенемін», – деп жазды қорғаушы.
Айта кетсек, Марат Әйтенов – Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің туған бауыры.