Анна Данченко өзінің байлығына қызығып, миға сыйымсыз ұсыныстар жасайтын жігіттер жайлы айтты
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2024
- 1.5k
Танымал тележүргізуші Анна Данченко көпшілікке күйеуге шықпай жүруінің себебін айтты. Журналист соңғы кездері дайын үйіне кіріп, тұрабергісі келетін жалқау жігіттердің көбін және олар еш ұялмай "Сонда сені аламын" деп талаптарын қоятынын жайып салды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Менің жеке өмірім көп адамға қызық. Мен тұрмыста емеспін, балам жоқ. Сондықтан болар, көп оқырман соны бетіме басып, “Отырып қалдың! Өзіңе бала туып ал! Байға шық!” деген сөздерді, өз міндеттері деп есептеп, жекеге жиі жазады.
Кей кісілер шын көңілмен бақыт тілесе, басқалары әдейі “шымшып, тигізіп” жазатын сияқты. Сонда мен “Күлге аунап туам ба?” Жоқ әлде бір жігіт айтқандай: “шешеңді таста, сосын сені алам, менің анамның жағдайын жасайсын”), ал басқасы: “сенің көлігің де, жұмысың да, үйің де бар, сенікінде бәріміз тұрамыз”. Қазіргі жігіттердің көбі осындай. Бәрі талап қойғыш, әйтеуір. Жасасын жағдайымды, отбасын құрам десе, сол отбасын асырай алатындай ақылы, білімі, жұмысы болсын! Еңбекқор болсын! Ал, енді Анама қатысты жаман сөзді бірде бір адамға айтқызбаймын!!! Ешкім Тіл тигізбесін!
Бұйырғаны болады, бірақ барлығын қызға жүктеп қоюдың қажеті жоқ. Қыз таңдайды - сөзіне емес, ердің ісіне қарап! Қол көтеретін, көзге шөп салатын, арман-мақсаты, жұмысы жоқ, Ата-ананы құрметтемейтін, ауызынан шіріген, боқтық сөз шығатын, мені бағаламайтын, еріншек жігітке тұрмысқа шықпау - ол МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ! Отбасылы азаматпен сөйлеспеу, тоқал болмау, күйеусіз бала тумау - ол МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ!
Сөз салып жүрген жігіттер жоқ емес, бар, бірақ мен өзіме қандай адам керек екенін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін сатқындықты да көрдім. Жетер. Өмір менікі, кейін ол адаммен тұратын да мен, одан бала туатын да мен.
Адам танитын жасқа келдім деп ойлаймын. Мен зат емеспін, ойыншық емеспін! Сезімнен бөлек, ақылға салып таңдаймын болашақ жарымды. Құдай қаласа, жақсы адам жолығады. Мен ешкімге жамандық жасаған жоқпын, Алла көріп тұр, ниетіме қарай беріп жатыр барлығын, шүкір. Бақытты Ана, бақытты Жар, бақытты адам болуымды да Алла нәсіп етсін! Барлық аруларға соны тілеймін! Әмин! - деп жазды ол.