“Көмек сұрағым келеді”: Әйтеновтің бірінші әйелі мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 шілде, 2024
- 1.5k
Марат Әйтеновтің бірінші әйелі Ләйлә Мирас оның жақсы әкенін айтып, бұл істі жан-жақты қарауды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол көпшіліктен көмек сұрап, бұл іске сыни көзбен қарауға шақырды.
«Құрметті достар, желі қолданушылары, БАҚ өкілдері, осы видеоны көргендердің барлығына айтарым менің есімім Лейла Мирас, мен Марат Әйтеновтің бірінші жұбайымын. Қазіргі уақытта Марат Әйтеновті барлық әлеуметтік желілерде сөз қылып жатыр. Сіздерден көмек сұрағым келеді. Бұл істі сыни көзбен қарауға шақырамын. Құқық қорғау органдары қоғамдық қысымсыз істің мән-жайына терең үңіліп, тергеуі керек. Мен қазір оқиғаға баға бере алмаймын. Бірақ менің балаларыма Марат Әйтенов әркез қамқорлық пен мейірімділік ғана көрсетті. Оларға ешқашан қол көтерген емес. Тәрбиеге келгенде зорлық-зомбылық әдістерін қолданған емес», - дейді Мирас.
Айтуынша, балалары екі күн бойы жылап жүр екен.
«Оның талабы әркез өзгеріске ұшырап отырды. Үй мен пәтер немесе үй, пәтер және 200 млн теңге. Қағаз жүзінде олар Марат өз тарапынан қол қоятын медиативтік келісімге келе алмады. Мен өзім білген дүниені айтып отырмын. Балаларым әлеуметтік желіде бауырларының мұрны қанап, паникалық атакаға түскенін көрді. Екі күн менің балаларым осы себептен жылап жүр. Кіші қыздың мұрнынан қан кеткен себебі үйде қапарық, ыстық болған. Сол себепті мұрнынан қан кетті. Әкесі оған зорлық-зомбылық көрсетпеді. Оның мұрны жиі қанайды, оны мен де білемін. Бізге жиі қонаққа келетін. Балалардың әкесі оларға тиіспеді», - дейді ол.