Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ДДСҰ басшысы: әлемде пандемия кез келген уақытта келе салуы мүмкін

ДДСҰ басшысы: әлемде пандемия кез келген уақытта келе салуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден
60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін жылына кемінде бір рет COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қажеттігін еске салды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

“Қазіргі H5N1 (құс тұмауының) өршуі бізге келесі пандемияның кез келген уақытта келе салуы мүмкін екенін көрсетті. Ол кез келген уақытта келе алады. Ол бізді күтпейді, - деп атап өтті ДДСҰ бас директоры.

11 шілдеде Женевада өткен баспасөз мәслихатында Гебрейесус барлық елдерді құс тұмауын қадағалауды күшейтуге шақырып, Камбоджа мен Америка Құрама Штаттарында індеттің соңғы жағдайларына назар аударды.

Ол сондай-ақ тәуекел топтарына, атап айтқанда, 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін жылына кемінде бір рет COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қажеттігін еске салды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде апта сайын орта есеппен 1,7 мың адам қайтыс болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар