Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бас идім»: Тамара Асар 48 жасын ерекше атап өтті

«Бас идім»: Тамара Асар 48 жасын ерекше атап өтті
Сурет: Ашық дереккөздерден
Тамара Асарды құттықтауға кейбір өнер жұлдыздары арнайы келген

Әнші Тамара Асар 48 жасқа толып, туған күнін ерекше атап өтті. Алайда, туған күнін тойлау жоспарында мүлдем болмаған екен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Әнші бұл күні таңнан кешке дейін түсірілім алаңында болған. Бірақ күйеуі тосынсый жасап, мейрамханада туған күн кешін ұйымдастырған.

«Мен таңның атысынан кеш батқанша түсірілімде жүрмін.
Бапасы екеуміз осы жолғы туған күнімді кезекті түсірілімнен кейін балаларымызбен өзіміз кешкі асқа бара саламыз деп жоспарладық.
Сөйтсем Бапасы продюссерім @impresario.tv екеуі керемет жоспар құрып маған тосынсый жасады. Мен күтпеген жерден көптен көрмеген құрбыларым,жақындарым Ақтаудан, Астанадан ұшып келген.
Көктөбедегі су жаңа ресторан,айлы кеш, Алматы алақаныңда, жақындар жанымда мен үшін үлкен мереке осы болды.
Бір күн қалғанда жіберілген шақыртуды бірден қабыл алып, жанұшырып,құттықтап келген құрметтеген жүректеріңізден айналдым. Үлкен рахмет. Мені осындай қуанышқа бөлеген Бапасына бас идім.
Сол кешке барын салып ұйымдастырған Жан бауырыма,Жұлдызай көмекшіме балаларыма алғыс айтамын»,- деп жазды әнші желідегі парақшасында.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар