Министрлік енді азаматтың төлқұжатын рәсімдейді, береді, ауыстырады, алып қояды және шетелдік мекемелерге жүгінген жағдайда жоя алады.
Бұл жөнінде Үкіметтің 10 шілдедегі №542 қаулысында айтылған
Қаулы мәтініне қарағанда, министрлікке одан басқа, қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары аясында Қазақстанға өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарды, қандастардың жесірлерін және олардың ортақ балаларын Үкімет айқындаған өңірлерге кіру шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар ету міндеті жүктелген.
Айта кетейік, бұған дейін жеке куәлік пен төлқұжат беру қызметі Ішкі істер министрлігінің құзырында болып келді.