Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Деннис Теннің қайғылы қазасына 6 жыл: қылмыскерлердің жазасы жеңілдетілді

Деннис Теннің қайғылы қазасына 6 жыл: қылмыскерлердің жазасы жеңілдетілді
Сурет: Ашық дереккөздерден
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына алты жыл өтті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өмірден өткеніне алты жыл. Спортшының өліміне кінәлілер жазасын қай жерде өтеп жатқанын. неге жаза жеңілдегені туралы  Tengrinews.kz тілшілері анықтады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2018 жылы 19 шілдеде қарақшылар Денис Теннің көлігінің айналарын ұрламақ болған. Соның бірі Нұралы Қиясов спортшының аяғына пышақ сұғып, салдарынан көз жұмды.

Сот жеті айға дейін жалғасып, 2019 жылы 17 қаңтарда қылмыскерлер Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов адам өлтіру, ұрлық және тонау бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыскерлер қатаң режимдегі колонияға жатқызылды. Кейіннен олардың Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/12 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандары белгілі болды. 

Ал сотталушылардың сыбайласы Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ бір жылдан кейін, 2019 жылғы желтоқсанда ол қамаудан босатылды. Сот оның денсаулық жағдайына мен қамауда баласының болуына байланысты жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ол кейіннен колонияға қайта оралып, 2021 жылы желтоқсанда босатылды.

Денис Теннің өліміне кінәлі Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқаны туралы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. Қазір олар колонияда жұмыс істемейді. Бұл уақытша жағдай мен жұмыс орындарының жетіспеушілігіне байланысты.

"Сотталғандар ұстаудың қалыпты жағдайында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сай оларға жылына екі және алты қысқа мерзімді кездесу белгіленді", - делінген хабарламады.

Сондай-ақ, Құдайберген мен Қиясов медициналық көмекке жүгінбеген.

2023 жылы 19 қазанда Қонаев қалалық соты Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесі басшысының қатаң режимдегі (қауіпсіздігі жоғары) мекемесінде отырған Нұралы Қиясовқа қатысты жазаны жеңілдету туралы ұсынысын қараған.

"Сот Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 17 наурыздағы №212-VII ҚРЗ заңын басшылыққа ала отырып, Алматы облысы және Жетісу ауданы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №12 мекеме бастығының қамауда ұстау мерзімін есептеу туралы ұсынысын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 17.01.2019 үкімімен сотталған Нұралы Дәулетбекұлына тағайындалған жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі ретінде белгіленсін", - деді Қонаев соты.

Сот екінші сотталушы Арман Құдайбергеновке қатысты да осындай ұсынысын қарап, оны максималды қауіпсіздік мекемесінен орташа қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы шешім қабылдады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар