«Сағат санап отырмыз»: Қайрат Нұртастың қамаудан қашан шығатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 шілде, 2024
- 391
Ұшақта төбелес шығарып, 15 тәулікке қамалған әнші Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында немерелерінің жазған хаттарын жариялаған.
“Сезім мен Алау қыздарым, папаларын уайымдап, “апа біз папамызды қатты-қатты жақсы көреміз” деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса әне-міне деп, сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған. Қашанда армандарын орындау – бар мақсаты. Кім қай жақты қалады бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетті. Ана жақта отырса да, не сұраса да салып отырсыншы деп бала-шағам қиналып қалмасын деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайымдаумен отырды", – деп жазды продюсер.
Сондай-ақ, ол баланы қатты жақсы көру керек еместігін айтты.
«Қайрат маған кейде, түнімен ұйықтамай уайымдап отырған мені көріп, анашым мені қатты жақсы көрмеңізші дейтін. Қашанда түзде жүрген соң уайымсыз күнім болмайды ғой. Бірақ та жүрегіңе Алланы салып, сол Аллаға амандығын тапсыруымыз керек екенін біліп тұрып, қатты жақсы көретінімізді байқамай қаламыз. Ана баласын қатты жақсы көрсе сол баласымен сынайды, ал ұл-қыздарың өмірлік жарын қатты жақсы көрсе, сүйіктісімен сынайды деген. Қандай сынақ берсе де жеңілдігімен берсін деп тілейік! Алла бұйыртса құлынымның құлыншақтары шексіз қуанатын күндері көп болсын!», - деп жазды ол.