Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Алпыстан ассақ та, алданып отырмыз»: Мақпал Жүнісова алаяқтардың құрығына түсті

«Алпыстан ассақ та, алданып отырмыз»: Мақпал Жүнісова алаяқтардың құрығына түсті
Сурет: instagram.com/zhunusova.makpal
Сіздер де алданып қалмаңыздар

ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, әкімнің атын жамылған алаяқ әншіге хат жазған. 

«Маған ватсапқа Алматы қаласының әкімінен хат келді. Мұрным шелектей болып, «Осындай да әкімдер бар екен ғой, жағдайымды сұрап жатыр» деп қуанып, шок болып едім. «Ереке, рақмет» деп қойып, жарты сағат қойған сұрақтарына жауап беріп отырсам, мені алаяқтар алдаған екен. «Мен алдандым» деп мойындайын. Алпыстан ассақ та, алданып қалып отырмыз. Сіздер де алданып қалмаңыздар. Бір қызығы, ол менен ештеңе сұраған жоқ. Басында «Хал-жағдайыңыз қалай, Мақпал Мұмедияровна» деп жазды. Қарасам әкімнің суреті шығып тұр. Нөмірін сақтап қойдым. Сосын қалалық Мәдениет басқармасының бастығына маған хат жазған адамның нөмірін жіберіп, «Бастығыңның нөмірі осындай ма?» деп сұрап едім. Ғани бауырым «Сенбеңіз» деп жауап бергенде, «өлә» деппін ғой», - дейді өнер иесі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар