Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында ұшақтан өрт шығып, апатқа ұшырады

Ақмола облысында ұшақтан өрт шығып, апатқа ұшырады
Сурет: Видеодан скриншот
Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды

Ақмола облысында  АН-2 ұшағынан өрт шығып, апатқа ұшырады, деп хаабрлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Апат Державинск қаласынан 10 шақырым жерде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. Құтқарушылар өртті ауыздықтап, түгел сөндірді.

Төтенше жағдайға қатысты көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын мәлімдеді. 

“Сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі — UPA0141. Ұшақта өрт тіркелді. Бортта ұшқыш болған. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-ға тиесілі”, – делінген хабарламада.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар