«Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады»: әнші ерлер әйелін хиджаб кимегені үшін өлтіретінін алға тартты
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 шілде, 2024
- 275
Әнші Ұланғасыр Қамиев күйеулері әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатқанын айтып, көпшіліктің арасында дау туғызды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш видео желіде тарап кеткен. Қамиев тікелей эфирде оқырмандарының қойған сұрағына жауап берген.
"Күйеуі әйелін өлтіріп қойды, анау-мынау дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шығар. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Ондай оқиғалар көп негізі. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады. Одан кейін біреу оған қызығады. Оны күйеуі не істейді? Барып өлтіріп қояды деген секілді", - дейді әнші.
Тағы бір оқырманы «Хиджаб арабтікі неге адасасыздар. Оның бәрін бір күні әйелдер шешеді» деп жазған. Осыған қатысты айтқан әнші болашақта өзі әйеліне хиджаб кигізетінін айтты.
«Киген әйел шешпейді. Шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да шешпейді. Басқасында шаруам жоқ. Мен ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме,шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Мен ең бастысы оны неге кию керек екенін түсініп тұрмын. Түсенетін де әйел іздеймін. «Жоқ мен кимеймін» десе, чао деймін. Өйткені мен оның санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді.
Неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой... Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, - дейді әнші.