Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада автобустарда жол ақысы қымбаттайтын болды

Астанада автобустарда жол ақысы қымбаттайтын болды
Сурет: 365info.kz
Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін

Астанада қоғамдық көліктің жол ақысы 1 тамыздан бастап қымбаттайды, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылған болатын.

Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін. Міндетті шарт - мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста тексеру.

Сондай-ақ, келесі санаттарға жататын азаматтар осы жеңілдікті қолдана алады:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  • жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  • көп балалы аналар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • мүгедектер;
  • он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
  • "жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы"Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар