Қоғам
Тұрмысқа шыққысы келмеген 20 жастағы қызды шымкенттік жігіт зорлап тастады
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 шілде, 2024
- 1.0k
Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды ұрлап әкеткен
20 жастағы қызды жігіт алып қашқан. Артынша зорлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. порталы.
"Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды ұрлап әкеткен. Ол қыздың келіспегенін көрген соң, оны зорлаған. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына "қуанышты" хабарды жеткізген. Жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Қызды құрбылары құтқарып қалды", - деп жазады Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасы.
Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Осы фактке қатысы бар тұлғалардың полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Келесі мақала